" Қарттар күні"

Бүгінде біз барлық  ақсақалдарды құрметтейміз  

Сіздер біздің ұрпақты өсірдіңіздер және осы      

үшін сіздерге алғысымыз шексіз!

Сіздерге зор денсаулық ,ұзақ ғұмыр,

Туыстарыңыздың қамқорлығы мен махабатына бөленіңіздер.     

Сіздер біздің ғасырымыздың ою-өрнегісіздер!

Сіздеоді шын жүректен құттықтаймыз!

        Әрбір елде ерекше назар

аударуды талап ететін адамдар санаты бар. Бұл - қарт адамдар.Олардың тағдыры –

төрт қабырғаға қамалып,өз мәселелерімен,өз ауруларымен бетпе –бет қалу.

      Біздің аталарамыз бен

әжелеріміздің өмірі оңай емес еді . Олардың барлығы дерлік соғыс жылдарының

балалары еді. Аштық,соғыс,қиратулар да оларға тиді.

       Бұл күні ата

–аналарымызға,соғыс және еңбек ардагерлеріне,зейнеткерлерге көптеген жылдар мен

адал еңбегі үшін , жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ,республикамыздың дамуына

баға жетпес үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз.

        № 12 орта мектебінің

оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қарттардың үйлеріне барып, оларға гүлдер

мен шағын сыйлықтар тапсырды, сондай-ақ өздерінің құрметтерін көрсетіп,

дайындаған өлеңдерін оқыды. Олар өздерін қажетті және сүйікті екендігін сезініп,

жылы сөздер мен шағын сыйлықтар осы мерекелік күнде зейнеткерлердің көңіл-күйлерін

көтерді.

        28-қыркүйекте «№12 орта

мектебі» КМУ-де қарттарға, еңбек ардагерлеріне,зейнеткерлерге арналған «

Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты:

1. Егде жастағы адамдарды құрметтеу;

2. Оларға қамқорлық жасауға, мәселелер бойынша көмек көрсетуге, өз

іс-әрекеттерімен қуантуға үйрету;

3. Өз шығармашалықтарымен және күтпеген тосын сыйлықтарымен қуанта білу.

Осы іс-шарада құрметті оқытушылар және педагогикалық жұмыс ардагерлері

дипломдармен ,алғыс хаттармен марапатталды. Олар:Леонтьева Любовь Петровна,

Халелова Маруаш Шайсултановна, Тасболатова Гульжан Керимбаевна, Хасенова Жанат

Каирбековна, Новикова Софья Христиановна, Казангапова Қасиет Шултукковна,

Елтаева Батима Накиевна, Искаков Муталлап Рахмедкаримович, Раченко Валентина

Анатольевна, Жетписова Алтыншаш Бегазиевна, Кожахметова Раушан Каскырбаевна,

Кистаубаева Куляш Карипуловна,Небогова Валентина Анатольевна .

      Құрметті  педагогикалық ардагерлерді,зейнеткерлерді  мұғалімдер мен оқушылар мәжіліс залында қарсы

алды.  Бұл күні қарттарға арналған

мерекелік сөздер, құттықтаулар, мектеп оқушылары дайындаған гала-концерт

қойылды.

Бұл күні жылы сөздермен алғыссөздер айтылыды.Педагогикалық еңбек

ардагерлерінің орнын ешкім толтыра алмас және олардың өткізген сабақтары еш

ұмтылмас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Кыдырменова А.С.
Просмотров: 39
Дата создания: 4 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2017 г.